Оқиға

Министр Нұр-Сұлтан маңында болған ұшақ апатына қатысты түсініктеме берді

Жазылу
Апат салдарынан әуе кемесінің командирі оқиға орнында қаза тауып, екінші ұшқыш пен техник ауруханаға жеткізілген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр елорда маңында болған ұшақ апатына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Скляр әуе апаты болған кезде, парламент палаталарының бірлескен отырысында отырғанын, сондықтан әзірге ештеңе айта алмайтынын жеткізді.

"Мен жаңа ғана білдім, қызметкерлер оқиға орнына аттанып кетті. Ақпарат кейінірек болады", - деді министр мәжіліс кулуарында.

Айтуынша, оқиғаны тергеумен ведомствоның арнайы басқармасы айналысып жатыр.

Сондай-ақ, ол елімізде АН-2 ұшақтарын ұсынатын компаниялар жеткілікті екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысында ұшақ құлады

"Өкінішке қарай, бұл ұшақ парктері үнемі жаңа бола бермейді, сол себепті әуе кемелері түрлі себептермен құлап жатады. Бұл жерде жеке-дара зерттеу қажет", - деді Скляр.

Нұр-Сұлтан маңындағы ұшақ апаты

Бүгін, 20 маусым күні сағат он шамасында Ақмола облысы Целиноград ауданында АН-2 ұшағы құлады. Белгілі болғандай, ұшақ әуеден химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізген.
Апат салдарынан бір адам – әуе кемесінің командирі қаза тапты. Ал екінші ұшқыш пен техник ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, екеуі де әл үстінде жатыр.

Жаңалықтар
0