01:34 06 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.76
  • EUR427.89
  • RUB6.04
Өрт сөндірушілер, архивтегі фото

Алматыда құтқарушылар өртеніп жатқан үйден балаларды көтеріп алып шықты

© Photo : пресс-служба ДЧС Нур-Султана
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
22 0 0

Тұрғын үйдің алтыншы қабатынан шыққан өртке темекі тұқылы себеп болуы мүмкін

АЛМАТЫ, 20 маусым — Sputnik. Алматының Алатау ауданында көпқабатты үйлердің біріндегі өртті сөндіру кезінде құтқарушылар бес адамды қауіпсіз жерге шығарды, олардың екеуі бала.

Өрт 20 маусымға қараған түні алтыншы қабаттағы балконнан шыққан. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына он минутта жеткен. Бұл кезде қызыл жалын пәтердің асүйіне шарпып кеткен.    

"Кіреберісті қою түтін басып қалғандықтан үйдің алтыншы және сегізінші қабаттарындағы тұрғындар сыртқа шыға алмай қалған. Құтқарушылар жоғарғы қабаттардағы пәтерлерден тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру және өртті сөндіру жұмыстарын бір мезгілде жүргізді", - деп хабарлады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде өрт сөндіру қызметі бес адамды эвакуациялады, олардың екеуі бала. Өрт сөндірушілер оларды көрпеге орап, дымқыл орамалмен жауып, көтеріп алып шықты.

Тағы оқыңыз: Қостанайда ғаз жабдығы жарылды – видео

Тілсіз жауды толық сөндіруге бір сағаттай уақыт қажет болды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Үйдің жоғарғы қабаттарының бірінің балконынан темекі тұқылын лақтырған болуы мүмкін деген болжам бар.  

Тақырып бойынша

Петропавлда саяжайдағы өрттен ерлі-зайыпты ажал құшты
Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар
Алматыда жүргізуші жанармай таситын көлікке соғылып, өрт шықты - фото
Тарақанды улаған: Ақтау тұрғыны өрт сөндірушілерді аяғынан тік тұрғызды  
Алматыда монша өртеніп кетті - фото
Загрузка...

Басты тақырып