Оқиға

Нұр-Сұлтан маңындағы Ан-2 апаты: ұшақ иелері не дейді?

© Sputnik / СтрингерРазбитый Ан-2
Разбитый Ан-2 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ан-2 тиесілі компанияның осымен екінші ұшағы апатқа ұшырап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым — Sputnik. Нұр-Сұлтан маңында апатқа ұшыраған ұшақтың иесі - "Навигатор" компаниясының өкілдері әуе кемесінде ешқандай ақау болмаған, құжаттары да дұрыс болатын дейді.

Ан-2 әуеге ұшқаннан соң бірнеше секундта тарс етке үннен құлақ тұнды. Қайғылы оқиға куәгерлері ұшақ экипажына көмекке ұмтылған: екеуін құтқарды, ұшқыш сол жерде көз жұмды.

Таңертең 20 маусымда Ан-2 экипажы егіс алқаптарын өңдеумен айналысқан болатын. Егістіктер "Родина" агрофирмасына тиесілі. Компания 15 мың гектар жерді өңдеу үшін ұшақ жалдапты, деп хабарлайды КТК арнасы.

"Келісімшартқа сәйкес, бізге техникалық ақауы жоқ ұшақты беруі тиіс. Біз баспанамен, өртсөндіргіш құрал-жабдықпен қамтамасыз етеміз", - дейді "Родина" агрофирмасының бас агрономы Қанат Әділбеков.

Экипаж 18 маусымнан бері ауыл шаруашылығы территориясын өңдеуге кіріскен. Егіс алқабында ұшып, сол жерге қонып жүріпті. Ан-2 ұшағының ерекшелігі сол – кез келген қолайлы жерге еш қиындықсыз қона алады.

Әуе кемесінің иесі "Навигатор" компаниясы ұшақта еш ақау болған жоқ деп отыр.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан маңындағы ұшақ апатының мән-жайы

"Ұшқанға дейін еш ақауы болмаған еді, барлық тексеруден өтті, құжаттары да дұрыс болатын. Өкінішке орай, ұшқыш қаза болды, екіншісі жансақтау бөлімінде", - деп мәлімдеді "Навигатор" ЖШС директоры Александр Ващенко.

"Навигатор" директорының сөзіне сүйенсек, компания жұмыс істеген 22 жылда осымен екінші рет ұшақ апаты болды. Ресми мәлімет бойынша, қазір Қазақстанда 311 Ан-2 ұшағы қолданыста.

Әуе апатына қатысты Бас көлік прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысында ұшақ апатының себебі анықталады. Болжамдардың біріне сәйкес ұшақтың қанаты электр желісіне тиген болуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан маңындағы Ан-2 апаты

Ан-2 ұшағы Ақмола облысындағы "Родина" агрофирмасы (Нұр-Сұлтаннан 60 шақырым жерде) территориясында апатқа ұшырады. Ұшақта үш адам болған. Бірінші ұшқыш оқиға орнында көз жұмса, екі экипаж мүшесі көптеген жарақат алып, елордадағы ауруханаларға жеткізілді.

Жаңалықтар
0