Оқиға

Алматыда ер адамды көлік қағып өлтірді

© Sputnik / Стрингер"Дэу Матиз" сбил мужчину на ул. Бурундайской
Дэу Матиз сбил мужчину на ул. Бурундайской - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жігіттің қалтасында жеке куәлігі болмаған, полиция марқұмның кім екенін анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Алматының "Қарасу" шағын ауданында Солтүстік шеңберге жетпей ер адамды көлік қағып өлтірді, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.

Қайғылы оқиға 24 маусымға қараған түні болыпты. Куәгерлердің айтуынша, Daewoo Matiz Бұрындай көшесімен келе жатқанда, алдынан ер адам атып шығады.

© Sputnik / Стрингер"Дэу Матиз" сбил мужчину на ул. Бурундайской
Ер адам жолды рұқсат етілмеген жерден кеспек болған. - Sputnik Қазақстан
1/2
Ер адам жолды рұқсат етілмеген жерден кеспек болған.
© Sputnik / Стрингер"Дэу Матиз" сбил мужчину на ул. Бурундайской
Жүргізуші жігітті көрмей, бар жылдамдықпен қағып кетті. - Sputnik Қазақстан
2/2
Жүргізуші жігітті көрмей, бар жылдамдықпен қағып кетті.
1/2
Ер адам жолды рұқсат етілмеген жерден кеспек болған.
2/2
Жүргізуші жігітті көрмей, бар жылдамдықпен қағып кетті.

Жүргізуші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек ер адамды көрмей қалып, қатты жылдамдықпен қаққан.

Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қалтасында жеке куәлігі болмаған, шамамен 32-35 жаста.

Полиция жол апатының мән-жайы мен қаза тапқан ер адамның кім екенін анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0