01:48 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Арыстағы жойқын жарылыс

Арыстағы жарылыс: Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды    

© Скрин видео bild/YouTube
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Арыстағы жарылыс (85)
643 0 0

Түркістан облысының әкімі Арыс тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы оқиға орнына барған өңір әкімі мәлім етті.

"Жарылыс болды. Облыста төтенше жағдай жарияланды. Барша қала тұрғынын қауіпсіз жерге көшіру керектігін көріп отырмыз. Барлық бағыт бойынша арнайы көліктер жүретін болады. Олар тұрғындарды лагерьлерге жеткізеді", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Оның айтуынша, аудан әкімдері қауіпсіз жерге көшірілгендердің тізімін жасайтын болады.

"Әр лагерьді аудан әкімі басқаратын болады. Қазір тұрғындарды эвакуациялау мәселесі тұр. Біз осы іспен айналысып жатырмыз", - деді облыс әкімі. Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары төтенше жағдай аймағына келіп жетті.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар:

  1. Ақдала бұрылысы
  2. 41 разъезд
  3. Водозобор бағытында лагерьлерге орналастырылады.

Арыстағы жарылыс

Дүйсенбі Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жойқын жарылыс болып, артынша алапат өртке ұласты.

Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шекендердің жоқ екенін хабарлады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. 

Тағы оқыңыз: Арыстағы жойқын жарылыс: Тоқаев шұғыл тапсырма берді

Жарылыстың салдарын жою жұмыстарын облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Түркістан облысы мен Шымкент әкімдіктері жүргізіп жатыр.

Арыс тұрғындары шұғыл түрде Шымкент қаласына көшіріле бастады. Қорғаныс министрлігі оқиға орнына арнайы комиссия жіберді.

Тақырып:
Арыстағы жарылыс (85)

Тақырып бойынша

Түркістан облысында жойқын жарылыс болды - видео
Арыстағы жарылыс: тұрғындарды қаладан шұғыл көшіріп жатыр - видео
Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтанда жатақхана өртенді: бір әйел зардап шеккен
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, Түркістан облысы, жарылыс
Загрузка...

Басты тақырып