18:42 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Владимир Беккер

Арыстағы жарылыс орнына төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы аттанды

© Photo : СЦК
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Арыстағы жарылыс (85)
135 0 0

Түркістан облысындағы жарылыс салдарымен күресуге 463 адам мен 53 техника жұмылдырылған

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Арыс қаласындағы жойқын жарылыстан кейін оқиға орнына төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор Владимир Беккер аттанды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Арыс әкімінің өкімімен қала халқы 50 шақырым жерде орналасқан Мұнайтас ауылдық округіне көшіріліп жатыр, ол үшін 20 автобус бөлінген. Сондай-ақ тұрғындарды эвакуациялау үшін Шымкент қаласының әкімдігі 36 автобус жіберді", - деп мәлімет берді төтенше жағдайлар комитеті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкент қаласында 15 эвакуация бекеті құрылған. Қазір Арыстан жеткізілген 17 бала Самал-3 шағын ауданында орналасқан Назарбеков атындағы №87 мектепке орналастырылды.

Азаматтық қорғаныс күштерінің әрекетін бақылау үшін оқиға орнына ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор Владимир Беккер аттанды.

Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылыс: Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды

"Өртті сөндіруге Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 75 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылған. Қосымша күш ретінде Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінен 118 адам мен 7 техника жіберілді. Төтенше оқиға орнында ҚР ІІМ бөлімдерінен барлығы 463 адам мен 53 техника жұмыс істеп жатыр, оның ішінде азаматтық қорғаныс органдарынан - 193 қызметкер мен 23 техника, полиция бөлімшелерінен - 270 қызметкер мен 30 техника", - делінген хабарламада.

Төтенше оқиғаның салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Арыстағы жарылысқа байланысты шұғыл тапсырма берді

Соңғы деректерге сүйенсек, жарылыс салдарынан зардап шеккен үш адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Тақырып:
Арыстағы жарылыс (85)

Тақырып бойынша

Түркістан облысында жойқын жарылыс болды - видео
Арыстағы жарылыс: тұрғындарды қаладан шұғыл көшіріп жатыр - видео
Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
төтенше жағдайлар комитеті, жарылыс, Түркістан облысы
Загрузка...

Басты тақырып