23:56 06 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.76
  • EUR427.89
  • RUB6.04
қыз бала, архив суреті

Арыстағы жарылыс кезінде алты жасар қыз жоғалып кетті

© Photo: СС0 / Rudy and Peter Skitterians
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Арыстағы жарылыс (87)
878 0 0

Қыздың туыстарының айтуынша, ол басқа балалармен бірге қауіпсіз жерге көшірілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Жеті жасар Ясмина Жақсылық Арыс қаласындағы жарылыстан кейін жоғалып кетті.

"Бүгін таңертең Арыста әскери бөлімнің аумағында болған жарылыстан қорыққан Жақсылык Ясмина Еркенқызы жоғалып кетті. Туған жылы: 26.02.2013. Әкесі Еркен, байланыс нөмірі: +7 7017701788", - деп жазды қыздың ағасы Ерқанат Байқожаев.

Sputnik Қазақстан қыздың әкесіне хабарласып сөйлесті. Ол Алматыдан Шымкентке ұшқалы жатқанын хабарлады. Әйелі мен басқа балалары қазір Шымкентте. Ясмина әлі табылған жоқ. Көшірілген балалардың тізімінде оның есімі жоқ.

Ясминаның қайда екенінен хабары бар тұрғындардан баланың туыстарына немесе полицияға хабарласуды сұраймыз.

Арыстағы жарылыс

Дүйсенбі, 24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жойқын жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады. 

Арыс тұрғындары шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіріле бастады. Қалада 43 мыңға жуық халық тұрады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау үшін шұғыл шараларды қолға алуды тапсырды. 

Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды. Оқиға орнына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жетті. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жарылыс салдарынан зардап шеккен адамдардың саны 46-ға жеткен. 

Тақырып:
Арыстағы жарылыс (87)

Тақырып бойынша

Арыстағы жарылыс: тұрғындарды қаладан шұғыл көшіріп жатыр - видео
Арыстағы жарылыс: Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды    
Арыстағы жойқын жарылыс: Тоқаев шұғыл тапсырма берді
Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады
Арыстағы жарылыс: 500-ден астам адам Шымкент мешітін паналап отыр
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 3 адам ауыр халде ауруханада жатыр
Кілт сөздер:
жарылыс
Загрузка...

Басты тақырып