Оқиға

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 16 адамға жетті

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуНауқас, архивтегі сурет
Науқас, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы мәліметтерге сәйкес, жарылыс салдарынан зардап шеккен 16 адам Түркістан облысының ауруханаларына жеткізілген

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында болған жарылыстан кейін он алты адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов хабарлады.

Түркістан облысында медициналық штаб құрылып, әрқайсысы 100 адамға арналған екі госпиталь жасалды. Хирург, реаниматолог, травматолог дәрігерлер адамдарды қабылдауға әзір.

"Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, өңірдегі медициналық мекемелерге жеңіл және орта дәрежедегі жарақат алған 16 адам түскен. Оның біреуі – әскери қызметкер. Ол облыстық ауруханаға жеткізілді", - деп жазды Қалқаманов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Арыстағы жарылыс 

24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жойқын жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау үшін шұғыл шараларды қолға алуды тапсырды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар үш бағыттағы лагерьлерге орналастырылды:

  1. Ақдала бұрылысы;
  2. 41 разъезд;
  3. Водозобор.

Қаладағы жарылыс кезінде жаппай үдере көшкен 500-ден астам адам Шымкент қаласындағы орталық мешітке орналасқан болатын.

Жаңалықтар
0