01:10 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Тоқаев зардап шеккендердің көңілін сұрауға барды

Арыстағы жарылыс: Тоқаев зардап шеккендердің көңілін сұрауға барды

© Photo: Официальный сайт президента Республики Казахстан
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Арыстағы жарылыс (86)
128 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға барды

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға барып, Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің көңілін сұрады, деп хабарлайды Ақорда.

Аурухана дәрігерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа зардап шеккендердің жағдайы туралы баяндады.

Тағы оқыңыз: "Қайтеміз, ел болған соң, солай болады": Тоқаев Арыс халқымен кездесті - видео

Мемлекет басшысы төтенше жағдай аймағында медициналық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен аман-есен қауышуына тілектестік білдірді.

Тоқаев Арысты аралап шықты

Арыс қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын аралады.

Президент эвакуация жұмыстарының барысы мен жарылыс ошақтарын тоқтату, өрт сөндіру туралы мәлімет алды.

  • Касым-Жомарт Токаев осмотрел пострадавшие от взрывов жилые дома и административные здания
    Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын көрді.
    © Официальный сайт Президента РК /
  • Президенту Казахстана доложили, как прошла эвакуация, а также что делается для ликвидации очагов взрывов и возгорания
    Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын көрді.
    © Официальный сайт Президента РК /
1 / 2
© Официальный сайт Президента РК /
Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын көрді.

Мемлекет басшысы ішкі істер органдарының, қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқару органдарының қызметкерлеріне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бір күннің ішінде өте ауқымды жұмыс атқарылғанын айтып, осы қарқынды бәсеңдетпей, жалғастыра беруді тапсырды.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 9.30 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім оқ-дәрі қоймасы жарылды. Салдарынан бір адам қаза тауып, отыздан астамы жарақат алған. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды.

Төтенше оқиғадан кейін қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ахуал ішкі істер органдарының бақылауында.

Тақырып:
Арыстағы жарылыс (86)

Тақырып бойынша

Арыстағы жарылыстарға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Арыстағы жарылыс: қорғаныс министрі бір адам қаза тапқанын хабарлады
Өмірзақ Шөкеев Арыстағы жарылыстан кейінгі ахуал туралы айтты
Қорғаныс министрі арыстықтарға үндеу жасады
Nur Otan Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмек жинауға кірісті
Кілт сөздер:
зардап шеккендер, Шымкент, жарылыс, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып