Оқиға

Арыста қаза тапқан екі адамның туыстарына көңіл айтамыз - Асқар Мамин

© Скрин видео bild/YouTubeМощный взрыв произошел в Арыси
Мощный взрыв произошел в Арыси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын бір адамның қаза тапқаны туралы хабарланған еді

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыста қаза тапқан екі адамның туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы кеше оқиға орнында болды. Осы төтенше жағдай бойынша нақты тапсырмалар берді. Барлық тиісті шара ұйымдастырылды. Арыс қаласының тұрғындары қауіпсіз жерге түгел көшірілді. Өкінішке қарай, екі адам – азаматтық тұлға және әскери қызметкер қаза тапты. Осы орайда олардың туған-туыстарына көңіл айтамыз", - деді Мамин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 9.30 кезінде Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрілер жарылды. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды.

Төтенше оқиғадан кейін қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер органдары жағдайды өз бақылауына алды.

Жаңалықтар
0