08:40 24 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD388.96
  • EUR432.21
  • RUB6.09
Науқас, архивтегі сурет

Арыстағы трагедия: қаза тапқандар саны үш адамға жетті

© Sputnik / Алексей Сухоруков
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Арыстағы жарылыс (86)
347 0 0

Төтенше жағдайдан кейін үш күннен соң келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым - Sputnik. Түркістан облысындағы Арыс қаласында болған төтенше жағдай салдарынан тағы бір адам қаза тапты. Келісімшартпен жұмыс істейтін әскери Шымкенттегі ауруханалардың бірінде ем қабылдаған болатын, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.  

"Қорғаныс министрлігі Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылыс салдарынан бүгін келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери Ахметов А.Н. көз жұмғанын өкінішпен хабарлайды. Ол Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде ем қабылдаған болатын", - деп жазылған ведомство сайтында.

Қорғаныс министрлігі басшылығы мен жеке құрам қаза тапқан әскеридің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Тағы оқыңыз: Арыста қаза тапқан әскеридің туысы мән-жайды айтып берді

Бұған дейін Арыстағы жарылыс салдарынан екі адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Біреуі - Арыс қаласының тұрғыны, оның көлігіне снаряд түскен. Екіншісі - келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкер. Оның денесі бөлім аумағын тексеру кезінде табылды. 

Арыстағы төтенше жағдай

Қазақстандықтарды дүрліктірген жарылыс 24 маусым күні таңертең болды. Түркістан облысы Арыс қаласындғы әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрілер жарылған.

Сол күні Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды. Қауіпсіздік мақсатында қала тұрғындары жақын маңдағы елді мекендерге көшірілді.

Аталған оқиғаға қатысты "Қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

25 маусым ішкі істер министрінің орынбасары жарылыстар тоқтағанын, бірақ жарылыс қаупі әлі де сақталып отырғанын мәлімдеді. Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен саперлер қала аумағындағы теміржол жолдар мен стансаларды тексеріп жатыр.

Сондай-ақ, жарылыс кезінде жоғалып кеткен балалардың ата-аналарымен қауышқаны хабарланды.

Тақырып:
Арыстағы жарылыс (86)

Тақырып бойынша

Арыстағы жарылыс: министрлік жоғалған балалар туралы айтты
Арыста жоғалған әскери қызметкер табылды – Қорғаныс министрлігі  
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Арыс тұрғындарына 3 миллион теңге аударады
Арыс қаласында жарылмаған снарядтар үйлерден табылып жатыр
Мәжілістің бір топ депутаты Арыс қаласына аттанды
Кілт сөздер:
трагедия, адам
Загрузка...

Басты тақырып