Оқиға

"Халықты құтқаруға қатысты": министрлік Арыста қаза болған екінші әскери туралы айтты

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуАурухана, архивтегі сурет
Аурухана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауруханаларда тағы 2 әскери қызметкер ауыр халде жатыр, тоғызы түрлі жарақат алған

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Қорғаныс вице-министрі Тимур Дәндібаев Арыста қайтыс болған екінші әскери қызметкер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, медициналық мекемелерде тағы 2 әскери қызметкер ауыр халде жатыр. Бұдан бөлек, 9 әскери адам саналуан жарақат алған.

"Әбдіқұл Нұрланұлы Ахметов 1887 жылы туған. Үйленген. Бір баласы бар. Ол – Шымкент қаласының тумасы. 2013 жылы әскер қатарына келісімшартпен шақырылған болатын. Ол бөлім командирі болған. Өкінішке қарай, кеше әскери қызметкер Ахметов алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Ол тұрғындарды құтқаруға қатысты", - деді Дәндібаев арнайы баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде екі адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Біреуі - Арыс қаласының тұрғыны, оның көлігіне снаряд түскен. Екіншісі - келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери. Оның денесі бөлім аумағын тексеру кезінде табылды.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрам қаза тапқан әскерилердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Арыстағы төтенше жағдай

24 маусым күні таңертең Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімде өрт шығып, қоймада сақталған оқ-дәрілер жарылды. Салдарынан үш адам көз жұмып, 160-тан астамы дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды. Қауіпсіздік мақсатында қала тұрғындары түгелдей жақын маңдағы елді мекендерге көшірілді.

Аталған оқиғаға қатысты "Қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

25 маусым күні ішкі істер министрінің орынбасары жарылыс тіркелмегенін, бірақ жарылыс қаупі әлі де сақталып отырғанын мәлімдеді. Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен саперлер қала аумағындағы теміржол жолдар мен стансаларды тексеріп жатыр.

Жаңалықтар
0