09:27 20 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
258 0 0

Ұры қылмысқа мұқият дайындалған, ол пәтерден құны 29 мың доллар болатын құнды заттарды алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым — Sputnik. Елорда тұрғындарының пәтерін өздерінің бұрынғы үй қызметшісі тонап кетті, ол 11 миллион теңгенің затын ұрлап кеткен, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Германияда үй қызметшісі жантүршігерлік қылмыс ұйымдастырған

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулер пәтерінен құны 11 миллион теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткенін айтқан. Ұрылар құнды заттар мен танымал брендтер тіккен әйелдер сөмкелерін қолды еткен.     

Қылмыскерді табуға видеобақылау камералары көмектесті. Ол бұрын зардап шеккен әйелдің үй қызметшісі болған 28 жастағы қыз болып шықты.  

"Күдікті зардап шегушілердің пәтерінде бір ай үй қызметшісі болып жұмыс істегені белгілі болды. Осы уақыт ішінде ол сыртқы есіктің кілтін жасатып үлгерген. Бірнеше ай бойы ұрлық жасауға жоспар құрып, мұқият дайындалған. Ол видеобақылау камераларынан күннен қорғайтын көзілдірікпен, бейсболкамен жүзін жасырған", - деп мәлімдеді полиция.

Күдікті ұрланған заттарды сатып үлгермеген, сондықтан олар дереу тәркіленіп, иелеріне қайтарылды.

Қазіргі уақытта "Ұрлық" бабы бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталған қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тақырып бойынша

Алматы облысында қылмыстық топ құрықталды
Елордада шіркеуден ақша ұрлаған жігіт камераға түсіп қалды
Алматы тұрғыны 9 миллион теңге салынған сөмкені көлікте қалдырып кеткен
Астанада автобустағы ұрлық видеобақылау камерасына түсіп қалды
Банк қызметкері үйлену тойын жасау үшін бес жарым миллион теңге ұрлаған
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Загрузка...

Басты тақырып