Оқиға

Арыста дезинфекция жұмыстары басталды

© Photo : өңірлік коммуникациялар қызметіАрыста дезинфекция жұмыстары басталды
Арыста дезинфекция жұмыстары басталды  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл мен Қызылорда облысының дезинфекция мамандарына аумақты тазартуға бірнеше күн қажет   

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым— Sputnik. Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қала аумағында дезинфекция жұмыстарын жүргізу мақсатында Жамбыл және Қызылорда облыстарынан арнайы мамандар тобы келді.

Бұл топтар өздеріне бөлінген аумақтарды тазартқанша бірнеше күн жұмыс істейді, деп хабарлады Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

© Photo : өңірлік коммуникациялар қызметіАрыста Жамбыл мен Қызылорда облысының дезинфекция мамандары жұмысты бастап кетті
Арыста дезинфекция жұмыстары басталды - Sputnik Қазақстан
Арыста Жамбыл мен Қызылорда облысының дезинфекция мамандары жұмысты бастап кетті

Жамбыл облысынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінен және өзге де залалсыздандыру орталықтарынан жалпы саны 30-ға жуық маман келді.

"Ал Қызылорда облысынан ұлттық сараптама орталығының осы өңірдегі филиалынан 17 маман келсе,  өзге де  осы салаға жауапты мамандар залалсыздандыру жұмыстарын бастап кетті.  Бұл бригадалардың бәрі техникамен,  қажетті құрал-жабдықпен, қамтылған", - деп жазылған хабарламада.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні таңертең Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімде өрт шығып, қоймада сақталған оқ-дәрілер жарылды. Салдарынан үш адам көз жұмып, 160-тан астамы дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды. Қауіпсіздік мақсатында қала тұрғындары түгелдей жақын маңдағы елді мекендерге көшірілді.

Аталған оқиғаға қатысты "Қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарылысқа кінәлілердің заң жүзінде қатаң жазаланатынын айтты. 

Ал Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс тұрғындары апта соңында үйіне оралатынын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0