07:25 07 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Эйр Астана ұшағы, архивтегі сурет

Air Astana ұшағы Мәскеуге қонуға мәжбүр болды

© Photo : Пресс-служба "Эйр Астана"
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
52 0 0

Ұшақ Лондоннан Нұр-Сұлтанға рейс жасауы тиіс еді

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым - Sputnik. Қазақстандық Air Astana әуе компаниясының ұшағы Шереметьево әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Ақпаратты Sputnik Қазақстанға Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі растады.

"27 маусым күні КС 942 рейсімен ұшқан Air Astana әуе компаниясы ұшағының бір генераторы істен шықты. Ол Лондон-Нұр-Сұлтан бағытымен шыққан болатын. Ұшақ Мәскеу уақытымен сағат 00:18-де Шереметьево әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ұшақ штаттық режимге сай қонды", - деп хабарлады Air Astana-ның баспасөз қызметі.

Әуе компаниясындағылар қазір ақауды жою жұмыстары жүріп жатқанын айтты. 93 жолаушы Мәскеу уақыты бойынша сағат 09:50-дегі қосымша рейспен (Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сағат 12:50) Нұр-Сұлтан қаласына ұшады.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық стюардесса жаға ұстатарлық жағдай туралы айтты

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 9 маусымында Санкт-Петербургтен Алматыға ұшқан Air Astana-ның ұшағы Мәскеу әуежайларының біріне шұғыл қонған еді. Сигнал беру дисплейінде қозғалтқыштардың бірінде майдың қысымы азайғаны туралы ақпарат шыққан.

Ал 22 маусым күні Air Astana-ның әуе кемесі (Ташкент – Алматы рейсі) Шымкент әуежайына қонды.

Тақырып бойынша

Мәскеудегі трагедия: ажал құшқан бортсерік соңғы рет не деп жазды – видео
"Канелоның" жекпе-жегінен қайтып келе жатқан жанкүйерлер мінген ұшақ құлады
Ресейде жолаушылар ұшағы өртеніп кетті – видео
Мәскеудегі трагедия: экипаж бен диспетчердің сөйлескен сөзінің жазбасы жарияланды
Нұр-Сұлтан маңында ұшақ құлады: апаттың себебін арнайы комиссия анықтайды
Кілт сөздер:
Мәскеу, ұшақ, Air Astana
Загрузка...

Басты тақырып