Оқиға

Таразда перзентханадан нәресте ұрланды

© Photo : congerdesignСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер ауыр қылмысты екі сағат ішінде ашып, сәбиді анасына қайтарды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Таразда перзентханадан жаңа туған сәби ұрланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас ана Тараз полициясына 8 шілде күні арызданған. Айтуынша, облыстық перинаталды орталықта жатқан сәбиін белгісіз біреулер ұрлап кетіпті.

Құқық қорғаушылар барлық бейнебақылау камерасының жазбасын тексеріп, күдіктінің перзентханадан шыққаннан кейін қай бағытқа бет алғанын анықтады.

Нәресте перзентханаға жақын маңдағы қонақ үйдің бөлмесінен табылған.

"Ауыр қылмыс екі сағатта ашылды, сәби анасына қайтарылды", - делінген хабарламада.

Нәрестені ұрлады деген күдікпен Жамбыл облысы Қаракемер ауылында тұратын 22 жастағы әйел ұсталды. Күдіктінің емшектегі сәбиі бар екені ескеріліп, бұлтартпау шарасы таңдалуда.

Тағы оқыңыз: Сәбиді өлсін деп тастап кеткен, алайда тағдырдың жазуы басқа болды - видео

Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-тармағы 1-тармақшасы "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен кәмелетке толмағандарды сату" бойынша тергеу басталды. Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0