НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы көшеде пышағын жалаңдатып жүрген 35 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тәртіп сақшылары қаруланған жігітті 11 шілде күні сағат 19.00 кезінде Қажымұқан көшесінде ұстаған.
"Полиция қызметкерлерінің заңды талабына ол барынша қарсылық көрсетті. Азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын көріп, шалт қимылдаған полиция аға лейтенанты Абзал Жолмахов пышақпен қаруланған ер адамды ұстады", - делінген хабарламада.
Ұсталған жігітті "Алматы" ауданының полиция басқармасына апарыпты.
Тағы оқыңыз: Қыз-келіншектерге қырғидай тиетін азғын бостандықта жүр
Белгілі болғандай, Павлодар облысының 35 жастағы тұрғынына қатысты Ақмола облысының полиция департаменті бұдан бұрын жедел іздеу шараларын жүргізген.