04:05 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
482 0 0

Жол апаты салдарынан төрт адам жарақат алған

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қостанайда той кортежінің автокөлігі жедел жәрдем көлігіне жол бермей, апатқа себепші болды. Салдарынан төрт адам зардап шекті.

Жол-көлік оқиғасы 13 шілдеде қала орталығындағы Баймағамбетов-Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған. Қатты соққыдан жедел жәрдем көлігі бір бүйіріне аударылған. Жол апаты кезінде көлікте төрт адам болыпты.

"Дабылды іске қосқан жүргізуші жолдың бос екеніне көз жеткізген. Алайда той кортежіндегі Hummer жедел жәрдем көлігінің жолын бөгеген", - деп жазды өңірлік "Алау" сайты денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жол апатынан кейін инфарктқа шалдығу қаупі бар пациенттің басы жарақаттанған, ол ауруханаға жеткізілді. Фелдьшер мен жүргізушіге де медициналық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, жол апатынан пациенттің жұбайы да зардап шеккен.

Той кортежі жолаушыларының жағдайы туралы хабарланған жоқ.

 

Кілт сөздер:
жедел жәрдем, той кортежі, Қостанай
Загрузка...

Басты тақырып