03:32 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Сіріңке, архивтегі фото

Қос ғашықты тірідей өртеді: әйел өлер алдында шындықты айтып кетті    

CC0 / Pavlofox
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2577711

Қатты күйіп қалған әйел ауруханаға түсіп, 20 күннен кейін көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Башқұртстанның Жоғарғы соты екі адамның өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды. Өрт қоюшы Константин Вавилов 17 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Башқұртстан тұрғыны қос ғашықты тірідей өртеп жіберді. Трагедия 7 наурыз күні түнде Уфадағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.  

Ғашықтар бір түнге пәтер жалдаған. 36 жастағы әйел мен 49 жастағы ер адам пәтер иесімен бірге арақ ішіп, есірткі тұтынған. Қонақтар оңаша қалуды жөн көріп, асүйдің есігін диванмен тіреп қояды. Таңертең Вавилов тағы да есірткі тұтыну үшін асүйге кірмек болыпты. Дегенмен "квартиранттар" оны ішкі кіргізбейді, содан қатты ашуланған пәтер қожайыны асүйдің есігіне бензин шашып, от қойған, деп хабарлады РИА Новости.

Вавилов сыртқы есікті жауып, пәтерден жүгіріп шыққан. Ер адам сол жерде иіс тиіп көз жұмды, ал әйел әрең дегенде сыртқа шыққан, дегенмен ол қатты күйіктен 20 күннен кейін ауруханада көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Екі отбасын қырып салған қаскөй ұсталды – 7 айлық сәби мен әжесінің үйінде болған қыз тірі қалды

Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, әйел өлер алдында тергеушілерге түсінік беріп үлгерген.  

Қылмыскер жауап алу кезінде пәтер өртенген кезде дүкенге шығып кетіп едім деп өтірік айтқан.

Вавилов бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды, жазасының бір бөлігін өтеп болмаған, ол пробациялық бақылауда жүрген. Осы жағдай ескеріле отырып Вавилов 17 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді.  

Тақырып бойынша

"Сабақ болсын дедім": жігіт қалыңдығының үстіне бензин құйып, өртеп жіберді - видео
Жігіт досымен ойын үшін жанжалдасып, өлтіріп алды — қылмыстық іс қозғалды
Қаратауда 8 жасар қызды кім өртеп жібергені анықталды
"Қызымды қалай өртеді, солай өртесін" Қаратаудағы сұмдықтың мән-жайы анықталды
Жамбыл облысында полицейді өлтіріп, өртеп жіберді – оқиғаның мән-жайы
Кілт сөздер:
есірткі, өрт
Загрузка...

Басты тақырып