06:20 26 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Архивтегі фото

Жоғалып кеткен Алматы тұрғыны қаладан 100 км жерден өлі табылды

© Public Domain
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
182510

Ер адам үйінен шығып, жоғалып кеткен, оны бес күн бойы іздеген

ТАЛДЫҚОРҒАН, 16 шілде – Sputnik. Алматы облысының полицейлері бес күн бұрын із-түзсіз жоғалған 34 жастағы Алматы тұрғынын өлтірді деген күдікпен екі ер адамды ұстады.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның жоғалғанын құқық қорғау органдарына оның 33 жастағы әйелі хабарлаған.

Ол күйеуі бір күн бұрын аудандағы елді мекендердің біріне кеткенін айтқан.

Жедел қызметкерлер көшедегі видеобақылау камераларын қарап шығып, куәгерлерді тауып, жауап алған. Нәтижесінде құрылыс компаниясында істейтін жоғалған жұмысшының екі әріптесі күдікке ілінеді.

Бөлшектеп, үстіне бетон құйған: Атыраудағы сұмдыққа қатысты тың дерек шықты

Ер адамды өлтіріп кеткен болып шықты. Оның мәйіті Алматыдан жүз километрден астам қашықтықтағы Үлкен Алматы каналының арнасынан табылды. Марқұмның мәйіті жасырылған жерді күдіктілердің бірі көрсетті. Жедел қызметкерлер сондай-ақ қылмыс жасалған жерді және марқұмның мәйіт әкелінген автокөлікті тапты.  

Қазір екі күдікті де ұсталып, қамауға алынды.     

Тақырып бойынша

Шымкент тұрғыны әкесін өлтірген адамды өз қолымен жазалады
Көліктен қашып шыққан: Түркістан облысында таксисті өлтіріп кетті
Екі баласының анасына көр қазып қойған: Атбасардағы сұмдықтың мән-жайы белгілі болды
Сәтбаев қаласында бес баланың анасын қатыгездікпен өлтіріп кетті
Үйлену тойына ақша жетпеген: Шымкентте бай ерлі-зайыптыны өлтірген жігіт сотталды
Кілт сөздер:
мәйіт, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып