22:08 20 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.80
  • EUR429.27
  • RUB5.78
Зорлық-зомбылық, архивтегі сурет

"Қырық минут бойы зорлаған": құрбысымен қонаққа барған қыздың жантүршігерлік оқиғасы

CC0 / Nino Carè
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1406110

18 жастағы сұлу бойжеткенді пәтерде соққыға жығып, аяусыз зорлап тастаған

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Алматы қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адам 18 жастағы қызды соққыға жығып, зорлаған. Бұл туралы "Немолчиkz" қозғалысы Facebook парақшасында жазды.

Оқиға Алматының Алмалы ауданында 2019 жылдың 11 мамырында болған.

Ұзын бойлы, қолаң шашты, 18 жастағы сұлу бойжеткенді құрбысы жас жігіттермен қонаққа баруға шақырады.

"Ренжіткім келмеді, бас тартсам, кешірмей қоя ма деп ойладым..." – деп жауап беріпті ол "Немолчиkz" өкілінің қойған сұрағына.

Хабарламаға сүйенсек, құрбысы 19 жаста, екеуі де жергілікті алматылық қыздар емес, қала шетіндегі шағын ауылдан келген екен.

Сөйтіп, бойжеткен құрбысымен пәтерге келсе – арақ-шарап, әдеттегі ырду-дырду. Қыз мұны ұнатпай, бірден кетпек болады, бірақ құрбысы жібермепті. Пәтерді бекітіп, кілтін тығып тастаған.

Тағы оқыңыз: Отыз жеті баланы зорлап, үшеуін өлтірген адам бостандық сұрап жатыр

Содан соң жігіттердің бірі онымен жыныстық қатынасқа түскісі келеді, қыз бас тартқанда, әлгі күш қолдана бастайды. Қыздың бетінен жұдырықпен ұрып, ернінен тізесімен бір тепсе де, қасындағы үш жігіт пен құрбысы араша түспеген. Қатты соққыға жығылған арудың төменгі ұрты жырылып, мұрны сынады, омыртқасына зақым келіп, үсті-басы мен бет-аузы көгала қойдай болған.

Қыз жуынатын бөлмеге жүгіріп кіріп, 102-ге хабарласады. Полиция бойжеткеннің қандай жағдайға ұшырағанын білсе де, көмекке асыға қоймайды. Жігіттердің бірі қызды байлап тастау үшін скотч алуға шыққанда, қыз да қоса ұмтылып, бүкіл подъезге жан дауысы шығып айқайлаған. Бірақ бәрі жабылып, пәтерге сүйреп кіргізеді.

Жігіт оны жуынатын бөлмеге апарып, аяусыз зорлап, артынша жатын бөлмеде тағы қырық минут зорлаған. Полиция болса әлі жоқ. Азғын шаршаған соң, қыз киініп, есіктің ашық екенін байқайды. Құрбысы басқа бір жігітпен қашып кетсе керек. Бойжеткен жан дәрмені қалмай, көшеге атып шығып, жақын маңдағы дәріханаға кіріп, көмек сұраған. Полиция сол кезде ғана келіп жетіпті.

"Содан бері арада екі ай өтсе де, әлі еш нәтиже жоқ. Тергеуші Сүймағанбетов А. қызды сот-медициналық сараптамаға жөнелтіп, бір-ақ рет жауап алған.  Ал қанша сыбайлас болғанына қарамастан, істі Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлімі (Зорлау - бұл бап бойынша үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін) бойынша қарап жатыр", - деп жазады Немолчиkz.

Бұдан бөлек, тергеушінің айтуынша, пәтерге барған қыздың өзі кінәлі.

Ұйым өкілдері полицияның пәтердегі жатын орынды тексеріп, бақылау камерасының жазбаларын алғанына күмән келтіреді. Тіпті саусақ іздерін алып, айғақтарды жинауы да екіталай, дейді олар.

Тағы оқыңыз: Шымкентте 9 жасар қызға ойына келгенін істеп, зорлаған азғынға үкім шықты

Ал бойжеткеннің сол қаралы күні киген іш киімі, киім-кешегі өз үйінде, сараптама жасалмаған. Қыздың аузына 15 тігіс салынып, соққыдан кейін мұрны қисайып қалған, дәрігерлердің нұсқауы бойынша ем қабылдапты. Бірақ аурухананың анықтамасын істің материалына қоспай, сараптамаға да жібермеген.

Немолчиkz  өкілдері осы іске қатысты Алматы қаласының прокуратурасына арыз жазған екен. Енді бір нәтижесі шығар деген үмітте.

Тақырып бойынша

Алматыда "Медеудің" әжетханасында зорланған қызға қатысты тың дерек шықты  
"Кептерханаға кіргізген" Павлодарда зейнеткер 15 жастағы мүгедек қызды зорлап тастады
Нұр-Сұлтанда екі жігіт жабылып қыз зорлады: күдікті елге қайтарылды
Алматыда қаршадай қызды әжетханада зорламақ болды: күдікті бұрын педофилия үшін сотталған
Алматы облысының тұрғыны әйелді зорлап тастап, жайлауға қашып кеткен
Шу ауданында педофил 3 жасар қызды зорлады: азғынды баланың әкесі қолға түсірді
Кілт сөздер:
оқиға, құрбы, қыз, зорлау
Загрузка...

Басты тақырып