Оқиға

Қапшағай тасжолында жантүршігерлік апат болды – видео

CC0 / Free-Photos / Сынған шыны
Сынған шыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көліктер жолдағы бетон және темір қоршауларға дейін қиратқан

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде — Sputnik. Алматы-Өскемен тасжолында Қапшағай маңында ірі жол апаты болды.

Куәгерлер әлеуметтік желілерде бірнеше көлік соқтығысқан жол апатының видеосымен бөлісіп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы | Almaty 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.almaty)

Жантүршігерлік кадрде көліктердің ғана емес, бетон, темір жол белгілерінің қирағанын көруге болады.

@kris.p.almaty тобында жарияланған мәліметке сәйкес, жол апаты салдарынан бір адам қаза болған. Тағы екі адам түрлі жарақат алды.

Оқиға орнында патрульдік полиция жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар
0