08:39 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Марихуана

Білім министрлігі Шымкентте есірткі сатқан оқытушыға қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Юрий Абрамочкин
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1272 0 0

Дауға қалған университет жеке оқу орны екені белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстан білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Шымкентте табылған есірткі притонына қатысты мәлімдеме жасады.

Тағы оқыңыз: Қытайда есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбай немен айналысып жатыр?

"Қазақстанның бірнеше бұқаралық ақпарат құралында Шымкент қаласы университеттерінің бірінің спорт кешенінде жедел іс-шаралар жүргізу кезінде есірткі притоны табылғаны туралы жаңалық жарық көрді. Аталған факті бойынша ол жекеменшік оқу орны екенін хабарлаймыз. Жоғарғы оқу орнына мемлекеттік білім беру тапсырысы берілмеген", - деп атап өтті министрдің кеңесшісі.

Мұхамеджанның айтуынша, болған жайттың мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Қылмыстық кодекстің "Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын тұтынуға арналған притон ұйымдастыру немесе ұстау, сондай-ақ осы мақсатта орын-жай беру" бабы бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде", - деп атап өтті министрдің кеңесшісі.  

Қылмыстық кодекстің бұл 302-бабы бойынша 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, 19 шілдеде "Хабар 24" мемлекеттік телеарнасы Шымкент университеттерінің бірінің спорт залынан полиция қызметкерлері есірткі притонын тапқанын хабарлады. Жұмыс орнында оқу орнының қызметкері марихуана сатқан.

Тақырып бойынша

"Құрбанның рөлін ойнайды" Нарколог жастардың неге есірткіге салынатынын айтты
Таразда күйеуіне сәлем-сауқат жіберген әйел 20 жылға сотталуы мүмкін
"Бумада не барын білмедім". Петропавлда курьер жігіт ірі көлемде есірткімен ұсталды
Қазақстанда оқушыларға дәрілік есірткі сатқан 101 дәріхана басшысы жауапқа тартылды
Қытайда қазақстандық студент қыздың ұсталуына қатысты министрлік түсініктеме берді
Дәрі-дәрмекті рецептісіз сатқан дәріханаларға айыппұл салынады
Кілт сөздер:
Шымкент, оқытушы, есірткі
Загрузка...

Басты тақырып