00:21 20 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.80
  • EUR429.27
  • RUB5.78
Бала жетектеген әйел, архивтегі фото

Алматыда әйел балабақшадан 5 жасар баланы ұрлап кетпекші болды – видео

CC0
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
551 0 0

Оқиға қаладағы Төлебаев және Гоголь көшелерінің қиылысында болған

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде — Sputnik. Алматыда белгісіз әйел 5 жасар баланы балабақшадан ұрлап кетуге әрекеттенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Балабақша Төлебаев және Гоголь көшелерінің қиылысында орналасқан.

Баланың анасының айтуынша, оған тәрбиеші хабарласып, ұлын белгісіз әйел ұрлап кетпекші болғанын хабарлаған. Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі Kris_p_brothers_official тобында жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers Almaty (@kris_p_brothers_official)

Тәрбиеші балалармен бірге ғимаратты аралауға шыққан. Осы кезде оған ұзын бойлы, қара көзілдірік, ұзын көйлек киген әйел келіп, баланы алып кетпекші болған.

"Ол тәрбиешіден Әлиханды шақыруды сұраған. Өзін баланың әпкесімін деп таныстырып, шұғыл түрде Әлиханды алып кету қажет екенін айтқан. Баланың қолынан ұстап, оны тезірек далаға шығармақшы болған", - дейді баланың анасы Лаура Мусина.

Оның айтуынша, тәрбиешілер бейтаныс әйелдің сөзіне сенбей, баланы қолынан жұлып алған. Бейтаныс әйел баланың ата-анасы жол апатына ұшырағанын айтыпты. Алайда бірнеше секундтан соң ол сөзінен айнып қалып, баланың анасы көлікте отыр деген. Ол баланың анасын шақырамын деп, балабақшадан шығып кеткен.

Баланың анасы ол әйелді танымайтын болып шықты.

Алматы қаласы полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Арнайы шұғыл тергеу тобы құрылды. Алдағы уақытта оқиғаның мән-жайы анықталады", - делінген хабарламада.

Тақырып бойынша

Баланы ұрлап әкетпек болды: полиция желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді
Мектепке бара жатқан: Қаскүнемдер баланы таксимен алып кетті – видео    
Бала "ұрлаушы" Қостанай жұртын әбігерге салды – шын мәнінде не болды?
Алматыда төрт жасар бала жоғалып кетті
Белгілі спортшы бес айлық баласын ұрлап, жол шетіне тастап кетті
Жиырма мың теңгеге бола баланы пышақтап кетті: күдікті ұсталды
Кілт сөздер:
ұрлық, балабақша, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып