Оқиға

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды: қаза тапқандар бар

© Sputnik / Стрингержол апаты
жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты салдарынан екі адам қаза болып, үш адам ауруханада жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде — Sputnik. Қостанай-Сарыкөл жолында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты.

Жол апаты 23 шілдеде сағат 18.00 кезінде Қостанай-Сарыкөл жолының 10 шақырымында болған.

Қостанайға бара жатқан "Фольксваген Гольф" көлігінің 65 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, "Мазда" көлігімен соқтығысады, деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары" өңірлік сайты. 

Жол апаты салдарынан 53 жастағы "Мазда" жүргізушісі сол жерде жан тапсырады.

© Photo : kstnews.kzҚостанай-Сарыкөл жолында болған жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
 Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды: қаза тапқандар бар - Sputnik Қазақстан
Қостанай-Сарыкөл жолында болған жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

"Мазда" ішінде отырған 4 жолаушы түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі - 41 жастағы әйел ауруханада көз жұмды.

Бұл факті бойынша тергеу жұмыстары басталды. "Фольксваген Гольф" көлігінің жүргізушісі рөлде ұйықтап кетті деген болжам айтылуда.

Жаңалықтар
0