Оқиға

Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды – фото

© Photo : pixabay/rebcenter-moscowЖенщина плачет, иллюстративное фото
Женщина плачет, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүлдіршінді балабақша тәрбиешісі ұрлап кетпекші болғаны анықталды

АЛМАТЫ, 25 шілде — Sputnik. Полицейлер Алматының Медеу ауданында балабақшадан 5 жасар бала ұрлап алыт кетпек болған әйелді ұстады. Ол қаладан 100 шақырым жердегі елді мекенде ата-анасының үйінде жасырынған.

© Photo : Пресс-службы Алматы департамента полицииБала ұрлаған күдікті
Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды – фото - Sputnik Қазақстан
Бала ұрлаған күдікті

Баланы ұрлауға әрекет жасалған соң алматылық полицейлер жедел-тергеу тобын құрды.

"Күдіктінің кім екенін біз бірден анықтадық. Іздеу шаралары ұйымдастырылды. Әйел Алматы облысындағы Кеген ауылындағы ата-анасының үйінен табылды", - деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласына жеткізілген. ҚР қылмыстық кодексінің 125-бабы (адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers Almaty (@kris_p_brothers_official)

Ұсталған әйелдің осы балабақшада жұмыс істейтіні анықталды, күдікті 30 жаста. Еске сала кетсек, баланы ұрлау сәті видеоға түсіп қалған болатын.

Жаңалықтар
0