14:38 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Бала, архивтегі сурет

Бұрынғы білім вице-министрі Суханбердиеваның 3 жасар ұлы қайтыс болды

CC0 / Thaliesin
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2834002

Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша бала үйдегі бассейнге батып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Эльмира Суханбердиеваның әріптестері мен блогерлер бұрынғы вице-министрдің кенже ұлы қайтыс болғанын хабарлады. 

"Достар, жазу өте қиын. Эльмира Суханбердиеваның кенже ұлы қайтыс болды. Ілияс оның ең сүйікті баласы болатын. Отбасының басына қанша қиындық туды. Ең ауыры - жақындардан, баладан айырылу. Мұны қабылдай алар емеспіз", - деп жазды өзінің Facebook парақшасында Суханбердиеваның бұрынғы кеңесшісі Майраш Тәйкенова.

Блогер және журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желілерде баланың үйдегі бассейнге батып кеткенін хабарлады.

Эльмира Суханбердиеваның ісі

2019 жылдың 10 шілдесінде Эльмира Суханбердиева мемлекеттік мектепте жекеменшік білім беру мекемесін ашып, кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды. Бұдан бөлек, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып, министрлікке қарасты мекемелерге айфондар мен планшеттерді алдыртқаны бар. Осы қылмыстар үшін оған 6 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Суханбердиева сот отырысында 4 баласы жайлы айтып, көзіне жас алған болатын. 

Отырыстың басында судья Бақытжан Есенов сотқа қатысушылардың барлық жеке мәліметін жазып алды.

Эльмира Суханбердиевадан отбасы жайлы сұрағанда төрт баласы бар екенін айтты. Үлкені 26-да, одан кейінгісі 17-де, біреуі 7-де және кішкентайы 3-те.

Осы кезде вице-министр көз жасына ерік берді. Ал оның қорғаушысы Айгүл Әміренова оған қағаз майлықты ұсынды.

Тақырып бойынша

Эльмира Суханбердиева сотта 4 баласы жайлы айтып, көзіне жас алды
Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты
Эльмира Суханбердиева қылмысты қалай жасады – тергеу материалдары  
"Түрме вице-министрдің көзімен": Суханбердиева кітап жазды
Сот залынан шыққан Суханбердиеваның көңілі босап кетті – видео
Кілт сөздер:
Эльмира Суханбердиева, вице-министр, білім
Загрузка...

Басты тақырып