02:17 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
кісен, архивтегі сурет

Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты

© AFP 2019 / Sergei Supinsky
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1197 0 0

Тергеу аяқталғанша әйел адам екі ай бойы қамауда отырады

АЛМАТЫ, 27 шілде — Sputnik. Өзі жұмыс істейтін балабақшадан бес жасар сәбиді ұрламақ болған алматылық тәрбиеші алдағы екі айды тергеу абақтысында өткізеді. Алматы тергеу соты осындай шешім қабылдады, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-тармағы "Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу" және 125-бабы 2-тармағы 5, 8-бөлімдері "Адам ұрлау" бойынша тергеу жұмыстары аяқталғанға дейін әйел адам екі айдай тергеу абақтысында отырады, бұл баптар бойынша күдікті  жеті жылдан он екі жылға дейін сотталуы мүмкін. Сондай-ақ мүлкі тәркіленуі де ықтимал.

Тағы оқыңыз: Алматылық әйел балабақшадан бала ұрлмақ болды - фото

Алматының Медеу ауданындағы балабақшадан бес жасар баланы ұрламақ болғаны туралы арыз полицияға 16 шілдеде түсті.

Балабақшаның бақылау камерасына түсірілген видеода басына қалпақ киіп, қара көзілдірік таққан келіншектің сәбиді алып кетуге тырысып жатқанын көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers Almaty (@kris_p_brothers_official)

Әйел адам баланың туысымын деп танысқанымен, жас тәрбиеші оған сенбей, сәбидің анасына қоңырау шалуды жөн көреді. Сол кезде күдікті көлікте отырған баланың анасын шақырып келемін деп сылтауратып, ізін жасырған.

Полиция келіншекті 25 шілдеде қолға түсірді.

Ол сол балабақшаның тәрбиешісі екен, қазір демалыста жүрген болса керек.

Әйел адам баланың ата-анасынан ақша талап ету үшін сәбиді ұрламақ болғанын мойындады. Ол қылмыс жасау арқылы қаржылық қиындығын шешпек болыпты.

Кілт сөздер:
әйел, бала ұрлау, сәби, балабақша, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып