Оқиға

Нұр-Сұлтанда 32-қабаттан салбырап тұрған қыз жұртты шошытты - фото

© Sputnik / Болат ШайхиновНұр-Сұлтан қаласы
Нұр-Сұлтан қаласы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астаналықтарды шошытқан ерлі-зайыптының ішімдік ішкені белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде— Sputnik. Елорданың сол жағалауындағы "Северное сияние" тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан салбырап тұрған қыздың суреті әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Желіде лезде тарап кеткен суреттің авторы қыздың 32-қабатта екенін жазған. 

© Photo : Скриншот из InstagramНұр-Сұлтанда 32-қабаттан салбырап тұрған қыз жұртты шошытты
Нұр-Сұлтанда 32-қабаттан салбырап тұрған қыз жұртты шошытты - фото - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтанда 32-қабаттан салбырап тұрған қыз жұртты шошытты

Оқиға орнына тәртіп сақшылары келген, олар әйел мен оның күйеуін Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізді.

"Сұрау барысында әйел секіріп кету ойында болмағанын, тек күйеуімен ұрысқаннан кейін оны осылай қорқытпақ болғанын айтты, - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.

Медициналық тексерістің қорытындысы бойынша ерлі-зайыптының ішімдік ішкені анықталды.

Қоғамдық тәртіпті бұзып, тұрғындардың тыныштығын бұзғаны үшін полиция әкімшілік өндіріс қозғады. Олар бес айлық есептік көрсеткіш (12 625 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді.

Жаңалықтар
0