21:09 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Ер адамның қолы, архивтегі сурет

Алматыда тал түсте адам өлтірді: туысын қорғамақ болған жас жігіт ажал құшты

CC0 / pixabay.com
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
3513 0 0

Күдікті ер адамнан телефонын ұрлағысы келген

АЛМАТЫ, 2 тамыз — Sputnik. Алматыда тал түсте ұрыдан туысын қорғамақ болған жас жігітті өлтіріп кетті. Оқиға Алмалы ауданындағы Аносов көшесінде болды.

Күдікті 53 жастағы ер адамға келіп, телефонын ұрламақ болған. Ер адам туысын көмекке шақырыпты. Ұры мен жас жігіт арасында төбелес басталып кетті. Күдікті оған пышақ сұқты. Салдарынан туысын қорғауға келген жігіт ажал құшты.

Қылмыскер оқиға орнынан ізін суытты. Видео ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Я - очевидец Алматы" тобында жарияланды.

"102 пультына қоңырау түскен соң бірден іздеу шараларына кірісті. Күдікті үйлердің бірінің моншасынан табылды", - деді Алмалы ауданы полиция басқармасы бөлімінің басшысы Таңат Назанов.

Оның айтуынша, пышақ күдіктінің қолында болған. Ол тәртіп сақшыларынан қорғанып, қашуға әрекет жасады.

Күдікті ұрлық үшін екі рет сотталған 26 жастағы Талдықорған тұрғыны екені анықталды. Ол мас болған.

Қаскөй қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәсі дәлелденсе, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Ер адам бұрынғы әйелін отбасымен бірге қырып салды: оқиғаның мән-жайы
Әйелді 4 жасар баласының көзінше пышақтап, өлтіріп кетті
Германияда қылыштан өлген адамның Қазақстанға еш қатысы жоқ – СІМ
Жиырма мың теңгеге бола баланы пышақтап кетті: күдікті ұсталды
Үйінен адам сүйектері табылған: ер адамның 37 жыл бұрынғы ауыр қылмысы ашылды
Кілт сөздер:
жас жігіт, туысқан, адам, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып