Оқиға

Оқ атып, көлігімен басып өткен: Алматыда жүргізуші іздестіріліп жатыр

© Sputnik / Стрингер"Газель" жүргізушісі басып өткен Toyota Chaser жүргізушісінің құлаған жері
Газель жүргізушісі басып өткен Toyota Chaser жүргізушісінің құлаған жері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Газель" мен Toyota Chaser жүргізушілері жолды бөлісе алмаған

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Алматы полициясы жолда оқ атып, төбелес шығарған "Газель" жүргізушісін іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Жетісу ауданындағы Первомай мұнай базасы көшесінде болған.

Toyota Chaser мен "Газель" жүргізушілері жолды бөлісе алмағанға ұқсайды.

"Екеуі де батыс бағытта келе жатты. "Газель" жүргізушісі екіншісінің жолын кесті. Осыдан кейін екі көлік те тоқтап, жүргізушілер арасында жанжал шықты", - деп хабарлады куәгерлер Sputnik Қазақстанға.

© Sputnik / СтрингерToyota Chaser жүргізушісі ауыр хәлде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Оқ атып, көлігімен басып өткен: Алматыда жүргізуші іздестіріліп жатыр - Sputnik Қазақстан
Toyota Chaser жүргізушісі ауыр хәлде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жолаушылардың бірінің сөзіне сенсек, "Газель" жүргізушісі Toyota автокөлігін тізгіндеген адамды тапаншамен қорқытқан. Кейіннен оқ атып, көлігімен оның үстінен басып өткен. Артынша ізін жасырған.

Оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері, анықтаушылар мен криминалистер келді.

Тағы оқыңыз: Автобусқа баса-көктеп кіріп, жүргізушіні соққыға жықты: Алматыдағы оқиғаның мән-жайы

Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушінің кім екені анықталды, іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Иномарка жүргізушісі ауыр хәлде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар
0