19:18 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Терезені ұстап тұрған бала

Қазақстанда бір күнде 3 бала терезеден құлап кетті

CC0 / Tatlin
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
382 0 0

Олардың екеуі оқиға орнында көз жұмды, біреуі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Өткен сенбі, 10 тамыз күні үш бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиғалардың бірі Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында болған. 2018 жылы туған сәби бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Бала ата-анасының қарауынсыз қалған екен. Сәби оқиға орнында көз жұмды.

Қарағанды облысының Абай қаласында үш жасар бала екінші қабаттан құлады. Ол ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Ал Шымкентте 2014 жылғы бала сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Оқиға "Нұрсат-3" шағын ауданында болды. Бес жасар бала көз жұмды.

Кілт сөздер:
терезе, қайғылы оқиға
Загрузка...

Басты тақырып