19:43 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Возгорание сухой травы на юго-западном склоне горы на Кок-Тобе в Медеуском районе

Көктөбенің маңындағы екінші өртті сөндіру кезінде мәйіт табылды

Предоставлено комитетом по чрезвычайной ситуации
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
113 0 0

Мың шаршы метр аумаққа шарпыған қызыл жалынды жүзден астам өрт сөндіруші мен қырықтан астам техника сөндірді

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Өрт сөндірушілер Алматының көрікті жерлерінің бірі – Көктөбе тауының маңындағы екінші өртті сөндіру кезінде мәйіт тапты. Бұл туралы 11 тамыз күні кешке әлеуметтік желілерде Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Серік Әубәкіров хабарлады.

"Қураған ағаштар екінші рет өртеніп, алдын ала мәлімет бойынша, 1000 шаршы метр аумаққа шарпыды. Өртті сөндіру кезінде мәйіт табылды, жынысы мен жеке тұлғасы анықталып жатыр. Өрттер бір-бірімен байланысты емес. Сөндіруге кірістік. Авиация түнде жұмыс істей алмайтындықтан, жерде жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол. 

Әубәкіров өрттің оқшуауланғаны туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Нұр-Сұлтан уақытымен шамамен сағат 00.44-те жазды. Оның айтуынша, өртті сөндіруге 100-ден астам өрт сөндіруші, сондай-ақ 40-тан астам су шашатын және арнайы техника қатысқан.

Өрт орнына түн ортасында келген Алматы қаласының әкімі Бақыжан Сағынтаев ішкі істер және қорғаныс министрлерімен сөйлескенін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

"Қазіргі уақытта 10 гектар аумақтағы өрт ауыздықталды. Жағдай бақылауда. Қалаға қауіп жоқ", - деді қала басшысы.

Оның айтуынша, ірі өрттің себебін анықтау үшін қылмыстық іс қозғалады.

"Өртті сөндіруге қатысқандардың барлығына алғыс айтамын, солардың ерлік іс-әрекеттерінің  арқасында қалаға таралмады".

Көктөбе маңындағы алғашқы өрт 11 тамызда күндіз болды.

Кілт сөздер:
мәйіт, орман өрті
Загрузка...

Басты тақырып