12:00 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Қару ұстаған адам

Шетелдіктермен жаппай төбелес: Қарағанды облысында болған жанжалдың видеосы

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
4911 0 0

Облыс әкімі Ерлан Қошанов дауды шешу үшін оқиға орнына барды

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз — Sputnik. Жанжал дүйсенбі күні Жайрем тау-кен байыту комбинатында болған. Шетелдік қызметкерлердің тәртібіне қазақстандық жұмысшылар мен жергілікті тұрғындардың көңілі толмаған. 

Облыстық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, 12 тамыз күні комбинат жұмысшылары арасында төбелес болған. Бірнеше шетелдік қызметкер жарақат алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Патриот Караганды (@patriotkaragandy)

Оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жетті. Жайрем елді мекенінде өңір басшысы мен облыс прокуроры ауыл тұрғындарымен кездесті. Дау шешілді деп хабарланып отыр. Тараптардың бірі де қосымша ақпарат бермеді.

Полиция жұмысшылар арасындағы жанжалға тұрмыстық мәселе себеп болғанын хабарлады.

"Төбелес салдарынан жұмысшылар жеңіл жарақат алды. Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігіне ("Бұзақылық") сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды",  - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Теңіздегі төбелес: Жақсылықов негізгі үш себепті атады

Қазіргі уақытта Жайрем елді мекеніндегі жағдай тұрақты, полиция бақылауына алынған.  

Кілт сөздер:
жұмысшылар, Қарағанды облысы, жанжал, шетелдік
Загрузка...

Басты тақырып