00:10 22 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.86
  • EUR435.32
  • RUB6.12
Жол апаты, архивтегі сурет

Алматы облысында жантүршігерлік апаттан бес адам қаза болды

CC0 / Michael Schwarzenberger
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
295320

Үш зардап шегуші әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды

АЛМАТЫ, 13 тамыз — Sputnik. Алматы облысында ірі жол апаты салдарынан бес адам ажал құшты. Тағы үш адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсті.

Қайғылы оқиға 13 тамызда таңғы сегіз кезінде Алматы - Бішкек жолының 84-ші километрінде болған.

"29 жастағы әйел айдап келе жатқан Mazda-626 Алматы-Бішкек автожолының 84-ші километрінде Shacman жүк көлігіне соғылды", - делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысында жол апатынан ер адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті

Соқтығысу салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы апат орнында қаза болды. Тағы үш адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.

"Жол апатының себебі анықталып жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған", - деп хабарлады облыс полициясы.

Тақырып бойынша

Алматыдан шыққан автобус Өзбекстанда апатқа ұшырады
Оқ атып, көлігімен басып өткен: Алматыда жүргізуші іздестіріліп жатыр
Алматы түбінде әкесінің көлігін айдап әкеткен бозбала сүйіктісімен апатқа ұшырады
Арысты қалпына келтіруге жіберілген астаналық жол апатынан қаза болды
Кілт сөздер:
жол апаты, Алматы облысы
Загрузка...

Басты тақырып