Оқиға

Алматыда сел жүрді: тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы түбіндегі Қарағайлы ауданында сел жүрді
Алматы түбіндегі Қарағайлы ауданында сел жүрді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылардың мәліметінше, жақын маңдағы ауыл тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ, алайда ауылдарда уақытша жарық пен газ сөндірілген

АЛМАТЫ, 14 тамыз — Sputnik. Қарғалы бөгеті ауданындағы сел халыққа қауіп төндірмейді, деп хабарлады құтқарушылар. Жақын маңдағы ауылдарда қауіпсіздік мақсатында жарық пен газ уақытша сөндірілген.

Төтенше жағдай болған жерге Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығы Серік Әубәкіров барды.

"Наурызбай ауданында 2019 жылдың 14 тамызында сел жүрді. Халыққа алдын ала ескертіп үлгердік", - деп хабарлады Алматы әкімдігі төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

© Sputnik / Тимур БатыршинҚарғалы ауданында сел жүрді
Алматыда сел жүрді: тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді - Sputnik Қазақстан
Қарғалы ауданында сел жүрді

Ведомство атап өткендей, қазір төтенше жағдай болған жерге жақын орналасқан ауылдардан тұрғындар көшіріліп жатыр.

"Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзенінің төменгі жағында орналасқан Әуезов және Алатау ауданы тұрғындарын хабарландырды. Қаланың барлық қызметі жұмысқа кірісті, жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қала билігі эвакуациялық бекеттер ұйымдастырған: Жандосов және Рысқұлов көшелері қиылысында бұрынғы әкімдік жанындағы №175 мектеп пен Жандосов және Яссауи көшелері қиылысында орналасқан №158 мектеп. 

Жаңалықтар
0