12:23 19 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.77
  • EUR427.26
  • RUB6.00
Қыз, архивтегі сурет

Ресейлік полицейлер қазақстандық қызды зорлады деп айыпталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2258 0 0

Қазақстан Республикасының Қазандағы бас консулдығы Ресейдің Свердлов облысы бойынша ІІМ басқармасына жазбаша сауал жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Екатеринбург полицейлері қызметтік көлікте әйел зорлады деген күдікке ілінді. Олар ұсталған, деп хабарлады Ресейдің тергеу комитетінің өңірлік басқармасы.

"Қылмыс 2019 жылдың 18 тамызында түнде жасалған. Полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Алдын ала дерек бойынша, бұдан бұрын ресейлік БАҚ хабарлағандай, қазақстандық қызды күдіктілер ұстап, полиция көлігіне отырғызады.

Қызметтік көлікте полицейлер "қасақана және алдын ала сыбайласып, қоқан-лоққы көрсетіп және жәбірленушінің бас бостандығын шектеп, қызды зорлаған және басқа да әрекеттерге барған".

Тағы оқыңыз: Алматыда 12 жасар қызды анасыны көңілдесі зорлап тастады

Зорлады деген күдікке ілінген полицейлерді Свердлов облысы бойынша ІІМ бас басқармасының жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері ұстаған. Тергеушілер бұлтартпау шарасы ретінде соттан үш күдіктіні қамауға алуды сұрап отыр.

Қазақстан Республикасының Қазандағы бас консулдығы Ресейдің Свердлов облысы бойынша ІІМ басқармасына осы қылмысқа қатысты ақпарат беруді өтініп, жазбаша сауал жолдады, деп хабарлады Қазақстан СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.

"Консулдықтан зардап шегушінің өзі көмек сұрамаған. Сол себепті Қазақстан азаматы ма, жоқ па, әлі нақты растай алмай отырмыз", - деп атап өтті ол.

Тағы оқыңыз: Абай ауылында жігітті үш жыл бойы зорлап келген экс-полицей ұсталды

Бұған дейін Ресейдің ІІМ-нің ресми өкілі Ирина Волк хабарлағандай, Ресейдің ІІМ бас жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері полицейлердің қызды зорлауы туралы деректі тексеру үшін Свердлов облысына жіберілді.

Тақырып бойынша

"Зорлаймын дейді": Соққыға жығылған алматылықтың әйелі не істерін білмей отыр
Ақтөбеде өзінің кішкентай қызын зорлаған тұрғынға іздеу жарияланды - фото
Видеоға түсіріп, бопсалаған: Шымкентте оқушы қызды сыныптастары зорлап тастады
Батыс Қазақстан облысы тұрғыны 13 жасар баланы зорлап тастады
Пойызда жолаушы әйелді зорлау ісіне қатысты тың дерек шықты
Кілт сөздер:
айыптау, зорлау, қазақстандық қыз, полицейлер, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып