19:49 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Алматыда болған жол апаты

Танымал қазақстандық әнші жол апатына түсті – фото

© Sputnik / Стрингер.
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1522101

Оқыс оқиға салдарынан әншінің екі қолы сынып, басынан жарақат алған

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық танымал әнші және әртіс Сиви Махмуди жол апатына түсті.

Оқиға өткен түні Алматы қаласында болған. Екі көліктің соқтығысуынан әншінің қолдары сынып, бас жарақатын алған.

Авария, в которой пострадала певица Сиви Махмуди, произошла на улице Ремизовка, выше проспекта Аль-Фараби
© Sputnik / Стрингер.
Екі көлік бетпе-бет соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы зардап шеккен

Жол апаты Әл-Фараби даңғылының жоғары бетіндегі Ремизовка көшесінде болған.

Toyota көлігі Ремизовка көшесінің бойында оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқан. Алайда бұрылыс кезінде жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан Porsche Panamera көлігімен соқтығысыпты. Соққының ауыр болған соншалық көліктер бірнеше метрге ұшып кеткен.

Жол апатынан Porsche Panamera жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Кейін ол көлікте танымал қазақстандық әнші Сиви Махмудидің болғаны анықталды. Әртістің екі қолы сынып, бас жарақатын алған. Әнші отырған көлік жүргізушісінің де қолы сынған. Екеуі ауруханаға жеткізілді.

Авария, в которой пострадала певица Сиви Махмуди, произошла на улице Ремизовка, выше проспекта Аль-Фараби
© Sputnik / Стрингер.
Жүргізуші бұрылыста рөлге ие бола алмай қалған

Жол апатының куәгерлері Toyota-ның иесі мас болғанын айтады. Алайда оқиғаның мән-жайын сараптамалық зерттеу қорытындысы анықтамақ. Тіркелген факт бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды.

Тағы оқыңыз: "Түк көрмей қалдым деп айқайлады": әлемге танымал әнші ауруханаға түсті

Сиви Махмуди – танымал қазақстандық әнші, әртіс әрі продюсер. Ол "Сиви, или Превратность судьбы" (2008) және "Слепая любовь" (2017) фильмдеріне түскен.

Тақырып бойынша

"Қазақ жігіттерінің намысына тиеді": Жанар Дұғалованың суреті жұрттың ашуын тудырды
"13 жыл бойы кездесіп жүрген": танымал актер мен әнші отау құрды - фото
"Бұл - сенсация": тыңдарман Димаштың жаңа әніне тәнті болды – видео
Баян Алагөзова кемшілігін бетке басатындар туралы айтты
Мамандар қазақ эстрадасында фонограммасыз ән айтатын әншілерді атады
Кілт сөздер:
жол апаты, әнші, қазақстандық шоу-бизнес
Загрузка...

Басты тақырып