Оқиға

Алматыда жер сілкінді

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан бес шақырым жерде орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Алматыда қуаты 2-3 балл жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедицияның сайты.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстікке қарай бес шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық классы 8.5. Тереңдігі 15 км", - делінген хабарламада.

Сейсмологтардың мәліметінше, алматылықтар қуаты 2-3 балл жерасты дүмпулерін сезініпті.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 15:06-да болды.

Жаңалықтар
0