Оқиға

Елордада 17 жастағы қызға шабуыл жасалды: оқиғаның мән-жайы

© Photo : Рixabay/Isabella QuintanaҚуыршақ
Қуыршақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқыс оқиға бүгін таңертең астанадағы №83 мектептің маңайында болған

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Елордадағы №83 мектептің жанында ер адам шабуыл жасаған қыздың колледж студенті екені анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қыркүйек күні полиция басқармасының жедел басқару орталығына белгісіз ер адам 17 жастағы колледж студентін зорламақшы болғаны туралы хабарлама түскен.

"Зардап шегуші қыз таңғы сағат 09:45-те бауырын алып кету үшін мектепке келгені белгілі болды. Білім беру мекемесіне бара жатқан сәтте оған мас ер адам шабуыл жасаған. Күдікті қыздың бетінен ұрып, бұталардың арасына қарай сүйреген. Қыз қарсылық көрсетіп, адамдарды көмекке шақырады. Нәтижесінде ол күдіктінің қолынан қашып шыққан", - делінген хабарламада.

Патрульді полиция қызметі оқиға орнына шұғыл жеткен. Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді.

"Оқиға орнында 42 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Зардап шегуші оны таныды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 3-1 бөлігі 1-тармағы (кәмелетке толмаған балаға қасақана зорлық-зомбылық жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындалғанын атап өтті.

"Аузы қанап кетіпті": елордада мектеп жанында ер адам қызға шабуыл жасады 

Естеріңізге кетейік, бүгін елорда тұрғыны Sputnik Қазақстан тілшісіне мектеп жанында қызға шабуыл жасалғанын хабарлаған болатын. Қалалық білім басқармасының мамандары ақпаратты растап, күдіктіні №83 мектептің шаруашылық қызметкері ұстағанын мәлімдеген еді.

Жаңалықтар
0