Оқиға

Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты – жантүршігерлік кадрлар

© Sputnik / СтрингерОдна из машин вылетела на встречку на мокрой дороге
Одна из машин вылетела на встречку на мокрой дороге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты салдарынан екі көліктің де жүргізушілер қаза тапты

АЛМАТЫ, 6 қыркүйек — Sputnik. Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан құқық қорғау органдарына.

Жол апаты 6 қыркүйекке қараған түні Райымбек және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болыпты.

© Sputnik / СтрингерЖантүршігерлік апат салдарынан екі жүргізуші де ажал құшты
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты – жантүршігерлік кадрлар - Sputnik Қазақстан
Жантүршігерлік апат салдарынан екі жүргізуші де ажал құшты

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Cresta көлігі Райымбек көшесімен шығыс бағытта қатты жылдамдықпен кетіп бара жатады. Жаңбырдан кейінгі тайғанақ жол үстінде көлікті басқара алмаған жүргізуші қарсы бетке шығып кетіп, Subaru көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

© Sputnik / СтрингерЖол апаты Райымбек және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болды
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты – жантүршігерлік кадрлар - Sputnik Қазақстан
Жол апаты Райымбек және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болды

Қатты соққыдан көліктердің быт-шыты шығып, бөлшектері 50 метрдей қашықтыққа ұшып кеткен.

Көмекке ұмтылған куәгерлер көліктердің ішінен жүргізушілерді алып шықты, алайда олардың өмірлеріне араша түсе алмады. Екі жігіт те жан тапсырған екен.

© Sputnik / СтрингерЖол апатынан Toyota көлігінің жолаушысы ғана аман қалған
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты – жантүршігерлік кадрлар - Sputnik Қазақстан
Жол апатынан Toyota көлігінің жолаушысы ғана аман қалған

Жантүршігерлік апаттан Toyota көлігінде отырған қыз ғана аман қалды.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бригадасы зардап шегушіні қарап, шұғыл ауруханаға жатқызды. Қазір дәрігерлер қыздың өмірі үшін күресіп жатыр.

Жол апатының мән-жайы мен кім кінәлі екені тергеу барысында анықталады.

Жаңалықтар
0