Оқиға

Алматыда "барахолка" өртеніп жатыр – видео

© Photo : комитет по ЧС МВД РК"Мезам" базары
Мезам базары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция өртеніп жатқан қойманың аумағын қоршауға алды. Жалынды сөндіруге 40-тан астам өрт сөндіруші жұмылдырылды  

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек — Sputnik. Алматыдағы "Мезам" базарында қойма өртенді, деп хабарлады ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers (@kris_p_brothers_official)

Куәгерлер оқиғаның видеосын әлеуметтік желілерде жариялап жатыр – қою қара түтін бірнеше ондаған метрге көтерілді.

Ведомствоның мәліметінше, ірі өрт туралы хабарлама 13.45-те түскен.

Өрт металл-пластик бұйымдарды сақтайтын жеке тұрған қоймадан басталған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers (@kris_p_brothers_official)

"Өрттің жақын орналасқан қоймаларға таралу қаупі бар", - деп атап өтті ТЖК.

Өртті сөндіруге 43 адам мен 12 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ өртті сөндіруге автопойыз аттанды, қосымша суарып жуатын машиналар жіберілді.

Полиция базар аумағын қоршауға алды. ТЖК мәлімдегендей, тәртіп сақшылары қоймалардағы тауарларды күзетеді.

Кейінірек өртті сөндіруге екі тікұшақ – Қазавиақұтқарудың Ка-32 және Алматы қаласы құтқару қызметінің Ми-8 тікұшағы тартылғаны белгілі болды.  

Жаңалықтар
0