Оқиға

Зайсан көлінде балықшылар із-түссіз жоғалып кетті

© Sputnik / Игорь Подгорный / Медиабанкке өтуРыбачья лодка на берегу реки, архивное фото
Рыбачья лодка на берегу реки, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өскеменнен барған сүңгуірлер 15 метр тереңдікке дейін сүңгіп, балықшыларды іздеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Зайсан көлінде екі балықшы із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлады Алтайньюс.

6 қыркүйек күні көлге шыққан балықшылардың бірі – 41, екіншісі – 26 жаста. Жағалаудан бірнеше шақырым жерден балықшылардың бос қайығы ғана табылды. Құтқарушылар "суға батып кетуі мүмкін" деген болжам айтады. Ал куәгерлердің сөзінше, 26 жастағы балықшы мүлдем жүзе алмайды екен.

Балқаш көліне батып кеткен көліктен балықшының денесі табылды

Өскеменнен барған сүңгуірлер жағалаудан 10-15 шақырым жерде, 15 метр тереңдікке дейін сүңгіп, балықшыларды іздеп жатыр. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына жақын елді мекендердің тұрғындары да атсалысуда. Құтқарушылар Зайсан көлінің үстін және маңайын тікұшақпен де шолып жүр.

Жаңалықтар
0