18:18 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
бұқа, архивтегі фото

Павлодар облысында бұқасын іздеп кеткен тұрғынның денесі ауыл шетінен табылды

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2709 0 0

Ер адамның денесін ұлы ауылдың шетінен тапқан

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек — Sputnik. Павлодар облысында бұқа өзінің 62 жастағы иесін сүзіп өлтірді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жазатайым оқиға 11 қыркүйекте, сәрсенбі болған. Таңғы сағат сегіздер шамасында жемдеуге қойған бұқа босап кетіп, ауылдың табынына қосылу үшін түзге тартады.

Малдың иесі бұқаны қайтару үшін малдың артынан жүгіріп кеткен. Бірақ кейін бұқаның ер адамға тап беріп, оны сүзіп өлтіргені белгілі болды.

62-жастағы тұрғынды ұлы ауылдың шетінен тауып алған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл фактіні тіркеуге алып, тиісті сараптамалар тағайындады.

Тақырып бойынша

Мал қорадағы масқараны көрген президент облыс шенділерін қызметінен қуды - видео
Мал сойғанын хабарламағандарға да айыппұл салынуы мүмкін
"Мал сасып кетіпсің": Есікте сәтсіз қалжың екі адамның өліміне себеп болды
"Осы әділетті ме?" Жақыпова 21 мың теңге мен қорадағы мал туралы айтты
Загрузка...

Басты тақырып