10:52 23 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.75
  • EUR434.26
  • RUB6.12
Архивтегі фото

Жаңа жыл түніндегі қанды оқиға: сотталушылар не дейді

© Sputnik / Екатерина Чеснокова
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
709 0 0

Басты күдікті суық қару қолданғанын мойындады, алайда адам өлтірмедім деп отыр

ҚАРАҒАНДЫ, 12 қыркүйек – Sputnik. Қарағандыда Жаңа жыл түнінде болған қанды оқиғаға қатысты тыңдау жалғасуда, басты айыпталушы тек суық қару қолданғанын мойындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сотталушылар 293-баптың 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша кінәсін мойындамады. Ер адамдар төбелес кезінде қолдарында ешқандай зат: суық қару, таяқ немесе арматура болмағанын айтады. Айыпталушылардың бірі әлдекім көсеумен есікті жаппақ болғанын, оны алғанын айтты. Басқалары жалаң қолмен төбелестік деп отыр. Күзетші төбелескендерді ажыраттым деп ақталды.   

Суд над обвиняемыми в массовой драке возле кафе в Караганде
© Sputnik / Анастасия Багрова
Қарағандыда дәмхананың жанында төбелескендердің соты

Қару қолданылған төбелесті бастағандардың бірі – Нарек Гугурян: айыптау актісінде ол пышақты бірінші болып шығарғаны айтылған. Дегенмен Гугурянға қарсы іс бөлек қаралады.

Адам өлтірді деп айыпталған Юсиф Нурулу, керісінше, пышақ қолданғанын мойындады, бірақ Рахымжан Жансейтті өлтіргенін жоққа шығарды.  

Сотталушылар камерадағы жазбалар өздерінің кінәсіздігін дәлелдейді деп санайды, бірақ сот жазбаларды қайта қарауды соңғы кезекке қалдыруға шешім қабылдады.

Жаңа жыл түніндегі қанды оқиға

Қарағандыда Жаңа жыл түнінде мейрамхана жанында жаппай төбелес болды. Оған қатысқандардың бірі пышақ жарақатын алып,  көз жұмды. Екінші жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, төбелеске қонақтардың мейрамхананы жабуға қарсы шығуы себеп болған. Төбелесқұмарлар оқиға орнына достарын шақырған.

Осы оқиғадан кейін Қарағандыда наразылық толқыны басталды. Әлеуметтік желілерде төбелес ұлтаралық негізде болды деген ақпарат пайда болды. Дегенмен бұл мәліметтерді Қазақстан мен Армения билігі теріске шығарды.

Даулы іс бойынша қанша адамға айып тағылып отыр

Сотталушылар орындығында 12 адам отыр. Он үшінші күдікті Армения азаматы Нарек Гурурян Ресейден экстрадицияланады деп болжануда. Ол қанды оқиғадан кейін бірден шекараны кесіп өткен, бірақ оны жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады.

Тақырып бойынша

Депутаттар Қарағандыдағы төбелесте көз жұмған жігіттің отбасына көңіл айтты
Қарағандыдағы төбелес: Күдіктілер арасында Армения азаматтары да бар
Қарағанды облысы әкімі қаза тапқан жігіттің туыстары және қала тұрғындарымен кездесті
Қарағандыда дүйім жұртты дүр сілкіндірген қанды оқиға бойынша сот басталды
Қарағандыдағы қанды оқиғадан кейін ҚР ІІМ басшысы мен Армения елшісі кездесті
Кілт сөздер:
Қарағанды, төбелес, қанды оқиға
Загрузка...

Басты тақырып