Оқиға

Атыраулық әйел күйеуінің мәйіті қалай тауық қораның астында қалғанын білмейді  

© Sputnik / Медиабанкке өтуЖенщина на скамье подсудимых, архивное фото
Женщина на скамье подсудимых, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
20 жыл отасқан жарын тұншықтырып өлтірді деген күдікпен ұсталған әйел сотта отбасылық өмірі туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Атырауда жиырма жыл отасқан күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген әйелге қатысты сот басталды. Юлия Шамшодиноваға Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылған.

Қанды оқиғаның жай-жапсары бір жыл бұрын анықталған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, айыпталушы 2012 жылы күйеуіне ұйықтататын  дәрі беріп жастықпен тұншықтырып өлтірген. Қылмыстың ізін жасыруға оған екі қызы мен жиені көмектескен. Олар марқұмның денесін әуелі бөлшектеп, артынан аулада қазылған шұңқырға көміп тастайды. Кейін үстіне бетон құйып, сол жерге тауық қора тұрғызған.

Атырау тұрғынын қыздары мен әйелі өлтіріп, үстіне бетон құйып тастаған

Алайда уақыт өте келе мүрдені жасыруға көмектескен Павел Шигаев әйелді бопсалап ақша талап етеді. Бұған шыдамаған айыпталушы полицияға арыз түсірген соң, Шигаев туысқанының бар шындығын сақшыларға айтып  берген, деп хабарлады КТК.

Сотталушы отбасылық өмірі туралы егжей-тегжейлі айтып берді: ол күйеуімен ұрсысып қалатын болған, бірақ ешқашан қатты жанжалдаспаған. Айыпталушы күйеуін өлтіргенін мойындамайды. Оның денесі қалай тауық қораның астында қалғанын білмейді. Қораны жалдамалы жұмысшыларға салғызғанын айтады.

6 жыл бойы отбасы басшысы хабарсыз кетті деп есептелді. Сотталушы ол ISIS-пен күресуге кетті деп ойлапты. Бірақ марқұмның туыстары бұған сенбейді: олардың айтуынша, келіншектің кісі өліміне қатысы бар және оған тұрғын үй мәселесі себеп болған.

Жаңалықтар
0