10:39 20 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD377.09
  • EUR407.37
  • RUB5.93
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
864910

Пойыз жолаушылар автобусына жақындай бастағанда, жүргізушінің бойын үрей билеп, абдырап қалды, дейді куәгерлер

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Автобус жолаушылары теміржол өткеліндегі ірі апаттан қалай аман қалғандарын almaty.tv арнасына айтып берді.

"Мен автобустың артында отырдым. Салон лық тола болды. Пойыз жақындап қалды, ал біз әлі іште отырмыз. Бәрі есікті аш, есікті аш деп айқайлады", - дейді автобус жолаушысы.

Шамалғандағы қайғылы оқиға: зардап шеккендер туралы тың дерек шықты

Оның сөзіне қарағанда, пойыз автобусқа жақындай бастаған кезде жүргізушінің өзі үрейленіп, абдырап қалған. Ол артқы есікті ашқан, жолаушылар сыртқа шығып үлгерген, ал жүргізушінің өзі шыға алмаған.

Жолаушылардың айтуынша, апатқа ер адам кінәлі емес.

"Жүргізуші келгенде алды мен артында көлік кептеліп тұрды. Ортасында қалды, шығатын жол жоқ", - дейді олар.

Оқиға куәгерлері сондай-ақ теміржол өткелінде мұндай кептелістер күн сайын болатынын хабарлады.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-бөлігі "Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігімен жүру немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл бап бойынша кінәлі жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.  

Естеріңізге салайық, апат кеше, 15 қыркүйекте сағат 19.08-де Алматы-Шамалған аралығындағы реттелетін теміржол өткелінде болған. № 43 Алматы-Қостанай пойызы "Сетра" жолаушылар автобусымен соқтығысты.

Апат салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, автобустың үш жолаушысы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Тақырып бойынша

Тоқаев Алматы облысындағы жантүршігерлік апатқа қатысты мәлімдеме жасады
Шамалғандағы пойыз апатының видеосы жарияланды
Алматы облысында пойыз автобуспен соқтығысты - видео
Кілт сөздер:
пойыз, автобус, Шамалған
Загрузка...

Басты тақырып