06:00 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
жансақтау бөлімі

Шамалғандағы трагедия: дәрігерлер автобуста қалып қойған екі баланың жағдайын айтты

© Sputnik / Алексей Куденко
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1160 0 0

Қарасай аудандық ауруханасының дәрігерлері бір балаға ота жасалып, екіншісін дәрі-дәрмекпен емдеп жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы ауруханасының дәрігерлері Шамалғандағы апатта зардап шеккендердің жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аурухана директорының бірінші орынбасары Бақыт Жамековтың айтуынша, қазір 33 жастағы Эльвира Жәнібекованың жағдайы қалыпты. Ал оның екі баласы жансақтау бөлімінде жатыр.

"Кеше облыстан мамандар келіп, 2014 жылы туған қызға ота жасады. Бас сүйегіне трепанация жасалды. Ал 2016 жылы туған қызға консервативті ем беруге, яғни дәрі-дәрмекпен емдеуге шешім қабылданған болатын. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде. Екеуі де аппаратпен дем алып жатыр", - деді Жамеков Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Дәрігердің айтуынша, балалардың анасы есін жиды. Қазір жағдайы бірқалыпты. Апат кезінде оң қолы және қабырғалары сынып, миы шайқалған.

"Қазір анасы есін жиған, сұрақтарға жауап береді. Бізге облыстық балалар ауруханасынан және көпбейінді клиникалық ауруханадан мамандар келіп, көмек беріп жатыр. Бұл жағдай облыс әкімі мен денсаулық сақтау министрінің тікелей бақылауына алынды", - деп атап өтті Жамеков.

Шамалғандағы көлік апаты

Айта кетейік, кеше 15 қыркүйек күні кешкі сағат 19.08-де Ақсеңгір-Шамалғанның теміржол өткелінде "Алматы-Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызы мен "Алматы-Қаскелең" бағытындағы рейстік автобуспен соқтығысқан. Желіде бірден куәгерлер түсірген жантүршігерлік апаттың видеосы тараған болатын.



Ал әлеуметтік желілерде апаттың жақын жерден түсірілген кадрлары жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы | Almaty | Крисп (@almaty_dtp_rezerv)

Оқиғаның мән-жайы

Бүгін астанада өткен баспасөз мәслихатында министрлер осы апаттың мән-жайын айтып берген болатын.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, автобус өткелден асамын дегенде көлік кептелісіне тіреліп қалған. Көлік жүргізушісі алыстан келе жатқан пойызды көріп, бірден артқы есікті ашқан.

"16 адам автобустан сыртқы шығып үлгерген. Апат кезінде көліктің ішінде төрт адам болған. Жүргізушісі және бір әйел екі баласымен. Автобус жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Қалған үш адам Қарасай аудандық ауруханасында ауыр жатыр. Дәрігерлер олардың өмірін сақтау үшін барлық күшін салып жатыр", - деді Тұрғымбаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Шамалғандағы апат: министр пойыздың неге тоқтамағанын түсіндірді

Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың сөзіне қарағанда, пойыз 2 434 метрге жақындағанда теміржол өткелінде автоматты түрде сигнализация қосылды. Дыбыс сигналы берілді. Сол жердегі бағдаршамның қызыл түсі жанды. Алайда шлагбауым толығымен түскен жоқ. Себебі өткелде көліктер тұрған.

Бас кезінде пойыздың жылдамдығы сағатына 97 шақырым болған. Өткелге 500 метр қалғанда машинистр автобустың тұрғанын көріп, шұғыл тежегішті басты. Алайда жол-көлік апатының алдын алуға мүмкіндік болмады. Себебі норматив бойынша пойыз тек 712 метр қалғанда тоқтай алады. Автобуспен соқытығысқанда пойыздың жылдамдығы сағатына 55 шақырым болған.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Алматы облысындағы апатқа қатысты мәлімдеме жасады

"Пойыздың ішінде зардап шеккендер жоқ. Ал автобустың жүргізушісі қайтыс болды. Көліктің ішінде болған үш адам жарақат алды. "Setra" маркалы автобус 1990 жылы шығарылған болатын. Техникалық қараудан өту мерзімі 16 шілдеде аяқталған. Одан кейін техникалық қараудан өткен жоқ. Тасымалдаушы – Қаскелеңнің автобус паркі", - деп атап көрсетті Скляр.

Тақырып бойынша

Пойыз апаты: министр автобуста қалып қойған әйелдің аты-жөнін жариялады  
Енді Нұр-Сұлтанда: елордада автобус тепловозбен соқтығысты – видео
Шамалған станциясындағы апат: әкімдік қаза болғандар туралы хабарлады
Кілт сөздер:
балалар, дәрігерлер, Шамалған
Загрузка...

Басты тақырып