Оқиға

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам көз жұмды

© Photo : Pixabay / Alexas_Fotos Жол апаты, иллюстративті сурет
Жол апаты, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі көліктің ішінде тоғыз адам болған, олардың тек екеуі тірі қалды. Алты адам оқиға орнында көз жұмса, тағы біреуі ауруханада жан тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында 16 қыркүйекке қараған түні ірі жол апаты болып, жеті адам ажал құшты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтау маңындағы жантүршігерлік жол апаты: жүкті әйел көз жұмды - оқиға орнынан видео
Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, қайғылы оқиға Алматы-Текелі тас жолының 26-шы шақырымында болған. Екі Audi соқтығысып, біреуі қарсы бетке шығып кетті.

Оқиға орнында алты адам, соның ішінде екі жүргізуші көз жұмды. Тағы үшеуі Текелі қаласының ауруханасына жеткізілді. Кейін біреуі жан тапсырды.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар
0