19:52 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Оқиға орнында түсірілген фото

Шамалғандағы трагедия: Тұрғымбаев зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

© Sputnik / Тимур Батыршин
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
154 0 0

Министр екі бала әлі ауыр хәлде жатқанын атап өтті. Тергеу жүріп жатыр, бес-алты сараптама белгіленген

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Шамалғандағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Зардап шеккен әйел мен екі бала әлі ауруханада жатыр. Балалардың жағдайы ауыр, дәрігерлер аман алып қалу үшін барын салып жатыр", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Ол жол апатына қатысты тергеу жүріп жатқанын атап өтті. Бес-алты сараптама белгіленген.

Шамалғандағы трагедия

15 қыркүйек күні кешке Алматы-Шамалған теміржол өткелінде "Алматы-Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызы мен Қаскелеңге бара жатқан рейстік автобус соқтығысты.

Тағы оқыңыз: Министр Скляр апатқа ұшыраған пойыздың неге тоқтамағанын түсіндірді

Соңғы мәлімет бойынша, бір адам – автобус жүргізушісі қаза болды, тағы үшеуі жан сақтау бөлімінде жатыр – ол 33 жастағы әйел мен екі баласы (үш және бес жасар).

Апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Тақырып бойынша

Енді Нұр-Сұлтанда: елордада автобус тепловозбен соқтығысты – видео
Пойыз апаты: министр автобуста қалып қойған әйелдің аты-жөнін жариялады  
Шамалғандағы трагедия: дәрігерлер автобуста қалып қойған екі баланың жағдайын айтты
Шамалғандағы трагедия: апаттан кейінгі жантүршігерлік кадрлар
Загрузка...

Басты тақырып